«Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында Ұлттық ғылыми кеңестің Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар, жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми-зерттеулері бағытының жетекшісі Мақсат Қалимолдаев пен осы бағыттың мүшесі жас ғалым Виталий Ким онлайн режимде сұхбаттасты.
Сұхбатқа «ҰМҒТСО» АҚ жанындағы Ұлттық ғылыми кеңестің жұмысын ұйымдастыру басқармасының қызметкерлері қатысып, өз ойларын ортаға салды.
Осылайша қос тарап бір-біріне ойларында жинақталған сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды. Өз кезегінде ҰҒК Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар, жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми-зерттеулері бағытының жетекшісі Мақсат Қалимолдаев мырза басқосуларға кеңес мүшелерінің қаншасы қатысқанын, ғылыми жобаларға қалай баға бергендерін бүкпесіз айтып берді.
Ал «ҰМҒТСО» АҚ вице-президенті Танат Досанов орталыққа электронды жүйе арқылы келіп түскен ғылыми жобалардың мемлекеттік сараптама қалай жүргізілетінін, бұдан соң ғылыми жобалар Ұлттық ғылыми кеңестің қарауына жеберілетінін, осылайша ғылыми жобаларды бағалау ісі мейлінше ашық жүретінін түсіндіріп берді. Сонымен қатар онлайн сұхбатты әлеуметтік желі арқылы бақылаған ғылыми ортада өздерін мазалаған сұрақтарын қйып, тұщымды жауап алды.
Онлайн конференцияның толық нұсқасымен «ҰМҒТСО» АҚ Фейсбук әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасынан таныса аласыздар.