Өзектi

Екінші сұрыпты шикізаттан құрамында фосфорлы марганеці бар тыңайтқыштарды алудың инновациялық технологиясы жасалды

04.01.2018

4882

Ә.Бектұров атындағы химия ғылымдары институтының профессоры, т.ғ.д. Ө.Ж. Жүсіпбеков екінші сұрыпты шикізаттан құрамында фосфорлы марганеці бар тыңайтқыштар алудың тәсілін ұсынды деп хабарлайды «ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.
Жоба барысында электрофильтр түтікшелеріндегі тозаңдары, әк қойыртпақтары сынды марганец қалдықтары зерттелді. Күкірт қышқылын шаймалау үдерісі кезінде құрамында фосфорлы марганеці бар тозаңдардан үйлесімді компоненттер мен марганецті бөліп алу талданды. Осы бойынша 2015 жылы 7 мақала, оның 2-еуі шетелдік басылымдарда жарық көрді және ҚР 2 патенті бар.
Қалдықтардан құрамында форфорлы марганеці бар тыңайтқыш алудың тәжірибелік-өнеркәсіптік сынағы «Химпром» ААҚ-да және Тараз металлургиялық заводының аумағындағы АХЕМ INVESTMENT ЖШС-да жүргізілді.
Құрамында фосфорлы марганеці бар тыңайтқыштарды алудың экономикалық тиімділігі сол – қиын өңделетін құрамында марганеці және фосфоры бар қалдықтарды қайта өңдеу арқылы тыңайтқыштың өзіндік құны төмендеп, өнімнің ауқымы артады. Дайын өнім – құрамында фосфорлы марганеці бар тыңайтқыш Қазақстан нарығында ғана емес, шетелде де жоғары сұранысқа ие бола алады.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар