Өзектi

Қазақстан ғылымын қаржыландыру ісі жоғары деңгейде жүріп жатыр

04.12.2017

4867

Соңғы уақыттары ғылымды қаржыландыру ісі жыл өткен сайын артып келеді. Айталық, 2016 жылы Ғылыми зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) қаржыландыру көлемі 66,6 млрд. теңгені құрап, 2012 жылғы көрсеткішті құрады.
Жалпы ғылымды қаржыландырудың көздері де жыл өткен сайын артып келе жатқанын байқаймыз. 2012-2016 жылдар аралығында мемлекеттік бюджеттен ғылымды дамытуға бөлінген қаржының көлемі 15,4%-дан 30,7%-ға дейін ұлғайған. Осылайша, аз ғана уақыттың ғылымды өркендетуге бағытталған қаржының көлемі 35,4 млрд. теңгені құрады.
Осы ретте айта кететін бір мәселе соңғы жылдары ғылымды қаржыландыру ісіне өзіндік қаржы көздерін тарту ісі де жоғары көрсеткішке ие болғанын атап айтуға болады. Мәселен, 2016 жылы ғылымды өзіндік қаржы көздерінен қаржыландыру ісі 26,4 млрд. теңгені құрап, еліміздегі ғылымды дамытуға бағытталған қаржының 50%-ын құрады. Осы бір деректен-ақ елімізде ғылымға шетелдік инвестиция, банк зайымдарыын және түрлі ұйымдар қаржы сала бастағанын анық аңғаруға болады. Бұдан Қазақстанда ғылымды дамыту ісі оң бағытта жүріп жатқанын байқауға болады.


"ҰМҒТСО" АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар