Өзектi

Мұнай сорғыту кезінде қолданылатын деэмульгаторды алудың технологиясы әзірленді

04.12.2017

5170

М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, т.ғ.к. Г.Ж. Бимбетова госсиполды шайырдың май қышқылы негізінде мұнай сорғытуда қолданылатын деэмульгатор алудың технологиясын әзірледі деп хабарлайды "ҰМҒТСО" АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.

Зерттеу барысында тәжірибелік база құрылды. Осының негізінде өзінің көрсеткіштері бойынша баламасынан асып түсетін тиімді технологиялық нәтижелер мен жаңа үдерістердің сызбанұсқасы әзірленді және «Госсильван – 3» деэмульгатор сериясына тәжірибе жасалды. Нәтижесінде «Госсильван - 3НМ», «Госсильван - 3К1», «Госсильван - 3К2» деэмульгаторлары алынды және зерттелді. Алынған деэмульгаторлар өнеркәсіптік сынақ кезінде тұзсыздандыру мен сорғытудың жақсы деңгейін көрсетті.
Зерттеу жұмысы бойынша 31 мақала жарық көрген, оның 16-сы шетелдік басылымдарда басылған. Өнеркәсіптік сынақ кезінде Оңтүстік Торғай алабындағы кен орнында жоғары парафинисті мұнайды сорғытуда жоғары тиімділік көрсетті. «Госсильван» деэмульгатор сериясы мұнайды шикізат күйінде өндіру үдерісінде эмульсияны ыдыратуға арналған.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар