Өзектi

Полиметалды минералдардан шикізаттан түсті металдарды бөліп алу технологиясы жасалды

30.11.2017

5239

Қатты және тірек полиметалды минералды шикізаттан түсті металдарды ажыратудың инновациялық технологиясын ҚБТУ профессоры, т.ғ.д. Б. Қ. Кенжалиев жасап шығарды деп хабарлайды «ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.
Зерттеу барысында әртүрлі типтегі минералды, техногенді және екінші қайталама шикізат түрлерінің технологиялық көрсеткіштері алынды. Осының негізінде өте қатты, техногенді және қайталама шикізаттардан электрохимиялық әдіспен металдарды бөліп алудың инновациялық технологиясы әзірленді.
Алынған бірегей тәжірибелік мәліметтердің әлемдік гидрометаллургия саласында баламасы жоқ, ал жобаның техникалық-экономикалық тиімділігі –реагенттерді алу технологиясы шығындар азаюы болып отыр.
Жоба бойынша 5 мақала жарық көрген, оның 3-еуі (нөлдік импактр фактормен).

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар