Өзектi

Энергия үнемдейтін тампонажды цемент өндірісінің жаңа технологиясы әзірленді

29.11.2017

4664

Электротермофосфорлы шлакты қолданып энергия үнемдейтін тампонажды цементті дайындау технологиясы әзірленді деп хабарлайды «ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.
Жоба бойынша «Стандарт Цемент» ЖШС-да табиғи шикізат материалдары негізінде шикізат шихтасы әзірленді. Зерттеуді ұсынған М.О. Әуезов атындағы Оңтүсік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, т.ғ.д. Б.Т. Таймасов.
Зерттеу нәтижесінде жеңілдетілген күл қосылған және ауырлатылған қорғасын шлактары қосылған тампонажды цементтің тәжірибелік партиясы шығарылды. Кварц қиыршықтарын электротермофосфорлы шлакпен алмастыру тампонажды портландцементті клинкерді күйдіру үдерісін жақсартады және жұмсалатын отынның шығынын айтарлықтай азайтады.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар