Өзектi

Шикізат қалдығынан уранды шаймалаудың технологиясы жасалды

28.11.2017

5197

М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, т.ғ.д. Р.И. Батькаев әртүрлі техногенді қалдықтардан уранды шаймалау үшін минералды тұздар мен күкірт қышқылы негізінде белсендірілген су және ерітінді алуды көрсетті деп хабарлайды "ҰМҒТСО" АҚ Баспасөз қызметі.
Электробелсенді ерітінділер негізінде сирек кездесетін металдарды шаймалау технологиясын бүгінде өндіріске енгізу үшін нормативті құжаттары дайын. Осы тақырыпты зерттеуде 6 мақала жарияланып, 1 монография жарық көрген.
Зерттеу нәтижесі экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрғыдан шикізатты және техногенді қалдықтарды өңдеу жағдайын жақсартады. Жоба жүзеге асырылса полиметаллды шикізатты өңдеуде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, арзан, тұрмыстық және техногенді қалдықтарды өндіріске тартуға ықпал ететін кешенді қайта өңдеу мәселелері шешіледі.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар