Өзектi

Қорғасын мен мырышты байытудың технологиясы жетілдірілді

27.11.2017

5127

Шалқия кен орнында қиын байытылатын қорғасын-мырышты жаңа модификацияланған реагент қосу арқылы байыту технологиясы ұсынылды деп хабарлайды "ҰМҒТСО" АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.
Жобаны Жер туралы ғылымдар, металлургия және кен байыту орталығының ғалымдары т.ғ.к. Л.В. Семушкина мен т.ғ.к. Д.К. Турысбеков.
Жаңа аполярлы модификацияланған реагентті қолдану негізінде қорғасын-мырышты байыту технологиясы өз кезегінде қорғасын мен мырыш концентраттарының сапасын жоғалтпай ажыратуға мүмкіндік береді. Жоба бойынша 7 мақала жарық көрген, оның 6-ы шетелдік журналдарда жарияланған.
Зерттеу нәтижелері Қазақстанның байыту фабрикаларында флотациялық байыту үдерісін жетілдіруде қолдануға болады.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар