Өзектi

Гранитті блоктарды өндіретін машина конструкциясы жасалды

24.11.2017

4455

«ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі гранитті блоктарды өндіруде жарылыстарды жасау үшін термодинамикалық қуаттылығы күшті жаңа машина конструкциясы әзірленгендігін хабарлайды. Жоба авторы Қ. И. Сәтбаев атындағы ұлттық техникалық зерттеу университетінің профессоры, т.ғ.д. В. В. Поветкин.
Жоғары жылдамдықтағы және жоғары температурадағы газ ағындарындағы тау жыныстарын бұзу үшін тесіктік қазбаны кесуге арналған жаңа машина конструкциясы жасалды. Жоба барысында детонация толқындарымен отын кешендерін жандыру әдісін жүзеге асырудағы термоқұралдардың жаңа конструкциясы ұсынылды.
Аталмыш тәжірибелік термодинамикалық машина үлгісі қашықтықтан басқарылады, блоктық тастарды өңдеуге әрі өндіріске енгізуге дайын. Жоба жүзеге асырылса Қазақстан мен көршілес Ресейдің тас өңдеу және тас шығарумен айналысатын кәсіпорындары пайдалана алады.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар