Өзектi

Жаңа типтегі пластикалық базальт арматурасынан жасалған темір жол шпалын жасау технологиясы ұсынылды

26.01.2017

5463

Қ.И.Сатпаев атындағы ҚазҰТЗУ ғалымдары жаңа құрылымды пластикалық базальт арматурасынан жасалған темір жол шпаласына жасаудың әдісін ұсынды. Жоба жетекшісі т.ғ.д., профессор Б.А.Сүлейменов.
Әлем елдері шпалдың ағаштан жасалған немесе темірбетоннан жасалған түрін пайдаланады, өйткені жасанды материалдар ағаштың иілгіштігі мен бетонның ауыртпалық күшін алмастыра алмайды. Бірақ құрылымында пластикалық базальт арматурасы бар шпалдардың беріктігі жоғарыда аталған шпал түрлерінен беріктігінен кем түспейді. Композитті арматура бұрыннан бері өнеркәсіптік және азаматтық құрылыстарда тұрғынүйлер, қоғамдық және өнеркәсіптік ғимараттарды салуда бетон құрылымдарымен бірге қолданылып жүр.
Жаңа типтегі шпалды Қазақстанда жылдамдығы жоғары темір жол магистральдарын салу кезінде құрылыста қолдануға болады. Жаңа шпалдар Ресейдің Раменкое деген жерінде арнайы темір жол полигонында сынақтан өтеді.

Дереккөзі: «МҰҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар