Өзектi

РФ Мемлекеттік думасының спикері: ЕАЭО желілік университетін құру кадрлық және ғылыми міндеттерді шешуге көмек береді

13.04.2016

5759

Еуразиялық желілік университетті құру Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) кеңістігінде бірқатар міндеттердің шешілуіне септігін тигізе алады, деп мәлімдеді сейсенбі күні РФ Мемлекеттік думасының спикері Сергей Нарышкин.

Сейсенбі күні М.В.Ломоносов атындағы ММУ Фундаментальдық кітапханасында Еуразиялық университеттер қауымдастығы кеңесінің отырысы өтіп, онда Еуразиялық желілік университетін құру бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп жазады ТАСС.

Нарышкиннің айтуынша, Мемлекеттік дума мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің парламенттері аталған университетті құру жобасына ерекше ықылас білдіріп отыр.

Мемлекеттік дума спикері бұл идеяны әзірлеу барысында желілік университетті құру концепциясы мен жол картасы дайындалғанын түсіндірді. Олар бірқатар салалық министрліктер мен ұйымға мүше мемлекеттердің жетекші университеттерінде апробацияланды.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар