Өзектi

Назарбаев Университетіне зерттеу университеті мәртебесі берілді

31.12.2015

5804

ҚР Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымына зерттеу университеті мәртебесін беру және оның Даму бағдарламасын бекіту туралы» қаулысына қол қойды. ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2015 жылғы 24 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі №1051

«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымына зерттеу университеті мәртебесін беру және оның Даму бағдарламасын бекіту туралы

«Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымына зерттеу университеті мәртебесі берілсін.

2. Қоса беріліп отырған «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы зерттеу университетінің 2016 - 2020 жылдарға арналған даму бағдар­ламасы бекітілсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар