Өзектi

ҚазҰУ ресейлік университеттермен бірге нано және микроспутниктер жасауда

14.12.2015

5381

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ресейлік университеттермен бірге бірнеше наноспутниктер мен бір микроспутник жасақтауда.
Бұл туралы бүгін Астанада ҚР БҒМ алқа отырысында университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанов мәлім етті.

«Қазіргі уақытта ҚазҰУ-да студенттік ғылым дамып жатыр. UNIFORM Project xалықаралық консорциумының аясында ресейлік университеттермен бірге бірнеше наноспутниктер мен бір микроспутник жасау және жүзеге асыру жобалары қолға алынды», - дейді ол.

Қазақстандық наноспутниктер университеттің ғылыми паркінде жасалады, кейін ғарышқа ұшырылады деп күтілуде. Ғылыми жобаны іске асыруға университетте барлық ресурстар бар.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар