Ресейлік ғалым паразиттер туындататын ауруларды емдеу клиникасының филиалын Қызылордада ашпақ
7 желтоқсаннан бері Қызылорда қаласында белгілі ресейлік дәрігер-паразитолог, профессор Хачатрян Ашот медицина қызметкерлерімен кездесулер өткізіп, халыққа тегін кеңестер берді. Бұл кездесулер 10-ына дейін жалғаспақ. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Профессор алдымен облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың жеке қабылдауында болып, ертеңіне медицина қызметкерлерімен кездесті. Оларды емдеу әдістерімен таныстырды. Қала тұрғындарына паразиттердің әсерінен туындайтын ауруларды емдеу жайлы кеңес берді. Ертең сағат 9-13 аралығында облыстық диагностикалық кеңес беру орталығында тұрғындарды қабылдайды.
Профессор Новосибирсктегі паразиттер туындатқан ауруларды емдеу клиникасының филиалын Қызылорда қаласында ашуды жоспарлап отыр.
Дереккөзі: inform.kz