«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Техникалық кеңесінде инновациялық технологиялар таныстырылды
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарушы директоры Арыстанғали Әшемғалиевтің төрағалық етуімен «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Техникалық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Онда «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ объектілерінің құрылысы кезінде энергиялық тиімді инновациялық технологиялар мен шешімдер қаралды. Ал шараға ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын-үй шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің, «Назарбаев Университет» Дербес білім беру ұйымы, «Астана ЭКСПО-2017» АҚ, «EXPO Village» ЖШС, «КазАтомПром» ҰАК АҚ өкілдері, «Туран-Профи» қалалық шаруашылық колледжінің студенттері қатысты. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарланды.
Техникалық кеңеске қатысушыларға «Назарбаев Университет» ДБҰ Энергетикалық зерттеулер орталығының қызметкері Е.Сырғалиевтің «Энергия үнемдеуші технологиялар негізінде үй-жайларда жайлы микроклимат пен тыныстану ортасын қалыптастыру» тақырыбына арналған баяндамасы ұсынылды. Аталған тақырып үй-жайлардағы микроклимат пен ауа сапасының нашарлығы мәселесін қозғайды. Баяндамада оқу мекемелері мен әлеуметтік объектілерде үй-жайлардағы көмірқышқыл газы шоғырлануының стандартты деңгейлерін сақтау үшін ASHRAE 62-1989 ұсынған желдету нысандарын қамтамасыз ететін технологияларды енгізу ұсынылады. Сонымен қатар, «Тенре-Аэролайф» қазақстандық-ресейлік компания кеңсежайлар мен тұрғыжайларда ауа тазарту мен зарарсыздандыру технологиясын таныстырды. Компания құрған «Аэролайф» жүйесі келіссөз, мәжіліс залдарында, кабинеттерде, VIP-орындарда, кеңсейжайларда, open space, қоғамдық тамақтану орындарында, санитарлық бөлмелерде ауаны темекі түтіні мен иістерден тазарту үшін қолданылады.
Сондай-ақ кез келген орынжайдың ауасын йодты калий тұздарымен байытатын «Аэройод» теңіз ауасы генераторы ұсынылады. Бірегей аспап йодтың тапшылығын өкпе арқылы орнын толтыруға мүмкіндік береді - тыныс алу табиғи құбылыс. Емдік теңіз ауасын жасау үшін генераторды кез келген әкімшілік және қоғамдық ғимараттарда, кеңсежайларда, бала бақшаларда, мектептерде, шипажайларда, ауруханаларда, тұрғынжайларда қолдануға болады.
Техникалық кеңес отырысының қорытындысы бойынша отандық құрылымдық бөлімшелерге Жылжымайтын мүлік қорының жобаларын іске асыру кезінде басқосуда қаралған инновациялық технологиялар мен жобаларды ескеру туралы шешім қабылданды.
Дереккөзі: inform.kz