Қазақ көлік академиясы француздық көлік құрастыру компаниясы үшін кадрлар даярлайтын болды
М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы мен «Alstom» француз көлік құрастыру компаниясы теміржол саласына кәсіби кадрларды даярлау туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.
Негізінен, «Alstom» компаниясы ҚазККА-ның оқу базасы негізінде сервистік қызметкерлерді даярлайды, академия студенттері мен қызметкерлері іс-тәжірибеден Alstom кәсіпорындарында өтеді, қазақстандық нарыққа арналған компания өнімдерін тексеруде академия өкілдерінің қатысуға құқықтары бар.
Сонымен қатар серіктестер Кедендік одақ аясында қолданылатын болашақ техникалық регламент контекстінде стандарттарды даярлауда ынтымақтастық құруды жоспарлап отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Alstom өз жұмысын Қазақстанда 2010 жылы бастады. Астанада электровоз құрастыру зауытымен бірлескен кәсіпорын жұмыс жасауда.
«Біз үшін ҚазККА-мен серіктес болу аса маңызды. Ол ең алдымен болашақ үшін көлік саласының білікті мамандарын даярлауға негіз болады»,- деді Ресей мен ТМД аумағындағы Alstom вице-президенті Мартен Вожур.
Alstom Академияға оқу құралы ретінде KZ8A бен PrimaII электровоздарының арба, дөңгелек, т.б бөлшектерін тапсырды.
Дереккөзі: inform.kz