Өзектi

Индустрияландыру жобаларын білікті мамандарсыз жүзеге асыру мүмкін емес - А.Сәрінжіпов

13.11.2015

6715

Елдегі индустрияландыру жобаларын білікті жұмысшы мамандарсыз жүзеге асыру мүмкін емес. Бұл туралы бүгін "Кəсіптік білім жəне бизнес: əріптестер диалогы" атты VII халықаралық форум барысында ҚР Білім жəне ғылым министрі Аслан Сəрінжіпов айтты.
"Бүгінде білім жүйесінің, əсіресе, кəсіптік-техникалық білім жүйесінің алдына үлкен мақсат қойылған. Өздеріңіз білетіндей, "100 нақты қадам" ұлт жоспарына сəйкес, білімді маман даярлау басты міндеттердің бірі болып отыр. Еліміздің өңір-өңіріндегі индустрияландыру жобаларын білікті мамандарсыз жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан, біраздан бері айтып жүрген дуальді білім жүйесін дамыту керек. Яғни, білім мекемелері кəсіпорындар мен өндіріске жақын болуы керек", - дейді А.Сəрінжіпов.

Министр сондай-ақ кəсіптік-техникалық білім жүйесінің ардагерлеріне Қазақстандағы кəсіптік білімнің 75 жылдығына арналған мерейтойлық медальдарды тапсырды. Ұрпақтар сабақтастығын үзілмей, ардагерлерден кейін "World Skills Internation" халықаралық көрмесінде жүлдеге ие болған 14 жас маман да марапатқа ие болды.

Айта кетейік, форум жұмысына Германия, Финляндия, Польша, АҚШ, Оңтүстік Корея, Ресей, Беларусь пен Өзбекстан елдерінен келген сарапшылар қатысты.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар