Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ-да «Маркшейдер және геодезиядағы инновациялық технологиялары» атты екі күндік Халықаралық маркшейдерлер форумы өтті.
Форум жұмысына, шетелдік ғалымдар, тау-кен өндірісінің, мұнай-газ өндірудің экономикасы саласының, сонымен қатар картографиялық-геодезиялық кәсіпорындарының жетекші мамандары, ЖОО және аэроғарыш мекемелерінің өкілдері қатысып, өз баяндамаларымен бөлісті. Сондай-ақ, форумға ҚазҰТЗУ-нің проректорлары, институт директорлары, профессорлар мен магистрант, студенттер де қатысты.
Сондай-ақ, Германия, АҚШ, Ресей, Испания, Польша , Чехия , Өзбекстан, Қырғызстан және басқа да елдердің мамандары да келді. Форумды ашқан Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-нің инновациялық қызметтер жөніндегі проректоры Е.И.Көлдеев қатысушыларға өз алғысын білдіре отырып, бұл жиынның маңыздылығына тоқталды.Аталмыш форумда өз баяндамаларыменҚазақстандағы маркшейдерлер Одағының Төрағасы, профессор Ф.К. Низаметдинов «Қазіргі заманғы Қазақстандағы тау өндірістік маркшейдерлер қызметінің жағдайы: Технология саласында кадрларды даярлауды дамытудың келешегі» атты баяндамасын оқыды.
Бүгінгі таңда Қазақстан ҮИИДБ (Еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы) шеңберінде инновация және жаңа технологиялармен байланысты ауқымды тапсырмаларды жүзеге асыруда. Инновациялар арқылы индустрияландыру біздің еліміздің үдемелі дамудың негізгі мақсатына айналды. Елбасы Н.Ә. Назарбаев атап өткендей, Қазақстанның экономикалық дамуының өзегі ретінде пайдаланылуы тиіс индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруда.
Форум бағдарламасына маркшейдерияның, тау-кен ісінің және геодезияның өзекті проблемасы бойынша баяндамалар енгізіліп, өз ойларын ортаға салған мамандар тәжірибе алмасты. Таужыныстар сілемі жағдайын болжамдау және тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу жөніндегі іс-шараларды жасау. Кенорынының баланстық қорларын өндіру параметрлерін оңтайландыру, маркшейдерлік-геодезиялық өлшеулерді автоматтандыру және компьютерлендіру бүгінгі жиынның өзегіне айналған мәселелер. Жер қойнауын игеру кезіндегі геологиялық ортадағы қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз ету және геоэкологиялық мониторинг туралы баяндамалар да ортаға салынды.
Форум халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселесін және арнаулы халықаралық ассоциациялардың, жетекші ЖОО, компаниялардың, геодезия, картография, Жерді дистанциондық зондылау және маркшейдерия саласындағы мамандардың ең алдымен Қазақстандағы ғылыми-техникалық тәжірибесімен, идеяларымен және қол жеткен нәтижелерімен келешектегі әріптестікті шешуге мүмкіндік туғызады. Форум қорытындысында резолюция қабылданды.
Дереккөзі: aikyn.kz