Өзектi

Назарбаев Университеті технопаркінде 7 инновациялық жобаны іске асыру аяқталды

17.09.2015

5554

Назарбаев Университеті технопаркінде 7 инновациялық жобаны іске асыру аяқталды.
«Технопарктің алғашқы түлектері ретінде сіздердің алдарыңызда көптеген сын-қатерлер болды. Біз әлі де болса мақсатымызға жете қойған жоқпыз. Бірақ тура бағыттамыз. Біздер өз жобаларымызды нарықта одан ары ілгеріле аламыз деп үміттенеміз. Біз сіздерге зияткерлік құқықтарыңызды коммерциялизациялауға және қорғауға көмек беретін боламыз», - деді Университет президенті Шигео Кацу жоба жетекшілерін құттықтай келе.

Назарбаев Университеті технопаркінде «Сулы-литий батареясы», «Пептид синтезінің зертханасы», «Гелиолокатор», «Роботталған қол», «Интерактивті жарнама» сынды жобаларды жүзеге асыру аяқталды.

Назарбаев Университеті технопаркінің резиденттері мыналар: «Филипс Қазақстан» ЖШС, «Аккумулятор институты» ЖШС, «Электро Динамикс» ЖШС.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар