Өзектi

Экипаж құрамында ғарышкер А. Айымбетов бар «Союз» кемесі 12 қыркүйекте қонады

10.09.2015

5153

Орталық әскери округтің әскери және көлік авиациясы «Союз ТМА-16М» халықаралық көліктік басқарылатын кеме экипажын қарсы алу үшін Қазақстан аэродромдарына ауыстырылды.
Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

«Союз» кемесінің қонуын іздеу-құтқару қамтамасыз ету жұмыстарына 200-ге жуық әскери қызметші, арнайы жабдықталған 14 Ми-8 тікұшағы, төрт Ан-12 және Ан-26 ұшақтары, жоғары өтімділікпен төрт іздеу-эвакуалиялау машинасын қоса алғанда, 15 бірлік автотехника қатысады», - деді ол.

Ресей Қорғаныс министрінің өкілі нақтылағандай, кеме 12 қыркүйекте сағат 3:52-де (мск) Жезқазған қаласына 146 шақырым жерде қонады деп жоспарлануда. Жерге ХҒС экипажының 9 мүшесінің үшеуі қайта оралады, олар: ресей ғарышкері Геннадий Падалка, ғарыштағы бірінші қазақстандық Айдын Айымбетов және даттық астронавт Андреас Могенсен.

Ғарыш кемесінің қонуын қамтамасыз ету бойынша кезекшілік Екатеринборда ӘӘК мен ӘҚҚ 14-ші армиясы жауынгерлік басқармасы орталығында ұйымдастырылды.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар