Өзектi

Астанада түркі әлемінің интеграциясы және қазіргі заманның даму үрдісі талқыға түсті

07.09.2015

5324

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Халықаралық Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің алғашқы отырысы болып өтті. Жиынға Академияны құрушы мемлекеттердің Білім және ғылым вице-министрлері және бірқатар БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлады академияның баспасөз қызметінен.
Алқалы жиынды Түркі кеңесінің бас хатшысы Рамиль Хасанов құттықтау сөзімен ашып, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі жүргізіп отырды.

Басқосу барысында Ғылыми жобаларды жүзеге асырудың қағидалары мен ережелері және Академия алдағы жылы жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу жобаларының бағыттары талқыланды. Қатысушылар Түркі әлемінің интеграциясы және қазіргі заманның даму тенденциялары туралы да өзара пікір алмасты. Атап айтқанда, Әзербайжан Республикасы Білім министрінің орынбасары Гурбанов Фирудин Иса оглы, Қырғыз Республикасының Білім және Ғылым министрінің орынбасары Бекбоев Адилет Зарлыкович, Түркия Республикасы Ұлттық білім министрлігінің жауапты хатшысы Текин Юсуф, ҚР Білім және ғылым минстрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Жолдасбаев Сансызбай Елеусізұлы өз ойларын ортаға салды.

Cонымен қатар, Халықаралық Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің келесі отырысының өту күні анықталып, алқалы басқосудың Хаттамасы мақұлданды. Жиын соңында ұйым басшысы Д.Қыдырәлі қонақтарға Академия басып шығарған құнды еңбектерді сыйға тартты.

Айта кету керек, Баку қаласында өткен 2014 жылы 28 қарашада Түркі кеңесі Білім министрлерінің ІІІ-отырысында тараптар Түркі академиясының Ғылыми кеңесін құру туралы шешім қабылдаған болатын. Кеңестің құрамына Түркі кеңесі Білім министрлері, Түркі академиясының президенті мен вице-президенттері кіреді.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар