Өзектi

Қазақстан соңғы үш жылда 4 мыңнан астам шетелдік ғылыми маман тартты - ҚР БҒМ

21.05.2015

5172

Соңғы үш жылда Қазақстан шетелден 4 мыңнан астам ғылыми интеллигенция өкілін тартты, деген мәлімет берді бүгін ОКҚ брифингінде ҚР БҒМ Ғылым жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Амандық Төлешов.
Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

«Шақырылған ғалымдар саны соңғы 3 жылда 4401 адамды құрады, оның ішінде Еуропадан 1886, Оңтүстік-Шығыс Азиядан 237, АҚШ-нан 403, Канададан 11, Ресейден 1294, Беларусьтен 69», - деді А.Төлешов.

Төраға орынбасары атап өткендей, мемлекет қазір шетелдерде жұмыс жасап жатқан отандық қазақстандық ғалымдарды қайтарудың және таланттардың кетуіне жол бермеудің белсенді саясатын жүргізуде.

Оның айтуынша, ұлттық университеттерде және Назарбаев Университетте шетелдік ғалымдардың ел аумағына келуі үшін әлеуметтік-экономикалық шарттар қарастырылған. Оның ішінде, сақтандыру, біліктілікті арттыру, сыйақылар, материалдық көмек, баспана ұсыну, тұрғын үйге шығындарды өтеу, жатақханалар салу, спортпен айналысуға мүмкіндік қарастырылған.

«Назарбаев Университет» АҚ-да осы жылдары 350-ден астам шетелдік ғалым тартылған, оның ішінде 26 қазақстандық ғалым

негізінен Ұлыбританиядан, Канададан, Франциядан, Италиядан, Нидерландыдан және басқа елдерден», - деп толықтырды ол.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар