Өзектi

Ресейғарыш «Прогресс» кешенінің апатқа ұшырау себептерін атады

13.05.2015

5109

Ресейғарыш басшысының орынбасары Александр Ивановтың төрағалығымен мемлекеттік комиссия 2015 жылғы 28 сәуірде Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған «Прогресс» көліктік-жүк кешенінің апатқа ұшырауының алдын ала қорытындыларын ұсынды.
Бұл туралы Ресейғарыштың сайтында хабарланды.

Тұтастай алғанда ұшыру және «Прогресс М-27М» көліктік-жүк кешенінің «Союз 2.1а» зымырантасығышынан бөлінуінің 3-ші сатысына дейін штаттық режимде болды. Ұшудың 526,716 секундында зымырантасығыштың және кешеннің бөлінуінің 3-ші сатысы штаттан тыс режимде болды. Соның салдарынан корабль есептік траекториясынан ауытқып кетті.

«Барлық материалдарды зерделей келіп, Мемлекеттік комиссия мүшелері кеменің штаттық емес жағдайлардың орын алуы салдарынан апатқа ұшырауы қуатталғаны туралы тоқтамға келді», - делінген хабарламада.

Мемлекеттік комиссия жұмысын жалғастыруда. Ұшырудың апатқа соқтыруының барлық жай-жапсарын түбегейлі анықтау тереңдете есептік-теориялық зерттеулер жүргізуді, бірқатар эксперименттік жұмыстарды талап етеді. 13 мамырдан бастап комиссия мүшелері зымыран-ғарыштық техникаларын шығаратын өндіруші кәсіпорындарда жұмыстарын бастайды, бұл арқылы апаттың барлық ықтимал себептерін анықтау және жою көзделеді.

Мемлекеттік комиссия түпкілікті қорытындыны 22 мамырда жариялайды.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар