Өзектi

ҮИИД-нің екінші бесжылдығы үшін кадрларды даярлауға 10 ЖОО мен 10 колледж кіріседі - Б. Сапарбаев

21.04.2015

4922

Қазақстандағы индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында биылдан бастап 10 колледж және 10 ЖОО кәсіпорындарға мамандарды даярлауды бастайды.
Бұл туралы бүгін Астанада жас мамандар форумында Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев мәлім етті.

«Біз осы бағдарлама үшін мамандарды даярлауға 10 ЖОО мен 10 колледжді айқындадық. Биылдан бастап дайындықты бастаймыз. ҚР Білім және ғылым министрлігі қазіргі кезде мамандықтар тізбесі мен оқыту бағдарламаларын, жоспарларды айқындады. Осы орайда сіздерді бұл бағдарламаны жүзеге асыруға қатысуға шақырамыз»,-деді Б. Сапарбаев.

Мемлекет жастардың әлеуетін кеңінен ашуға негізделген жастар саясатын жүргізіп жатқандығына тоқталған ол, осы тұрғыда бұған биылдың басында жарияланған БҰҰ рейтінгі дәлел бола алатындығын атап өтті. Рейтингке сәйкес, әлемнің 170 елі арасында Қазақстан жастар саясатын дамыту көрсеткіші бойынша 27 орынға ие болды.

Дереккөзі: kazinform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар