Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Университеттердің еуразиялық қауымдастығының вице-президенті болып сайланды
Елордадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов 2015 жылдың 15 сәуірінде Санкт-Петербор қаласында өткен Университеттердің еуразиялық ассоциациясының ХІІІ сьезінде Университеттердің еуразиялық қауымдастығының вице-президенті болып сайланды, деп хабарлайды аталған ЖОО-ның баспасөз қызметі.
Еуразиялық университеттер қауымдастығы 1992 жылы алғаш рет 25 жоғары оқу орнының басын біріктірсе, қазір бұл 128-ге жетіп отыр. Олардың қатарында Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Латвия, Украина, Түркіменстан, Тәжікстан және тағы басқа елдердің оқу орындары бар. Қауымдастық президенті - М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры, Ресей Ғылым академиясының вице-президенті Виктор Антонович Садовничий.
Дереккөзі: kazinform.kz