Өзектi

Қазақстанда жастар ғылымға бет бұра бастады

17.04.2015

5149

Соңғы 4 жыл ішінде отандық ғылымда 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 46 пайызға өскен. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Сансызбай Жолдасбаев мәлім етті.
«Жастардың ғылымға бет бұруы байқалуда. Соңғы 4 жыл ішінде отандық ғылымда 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 46 пайызға өскен және 9,5 мыңға жетіп отыр. 45 жасқа дейінгілер 49 пайызға жоғарылады», - деді С.Жолдасбаев.

Оның сөзіне қарағанда, елдегі ғылымға деген қолдаудың арқасында жалпы осы саладағы ахуал тұрақталып келеді.

«Бұл сан және сапа жағынан да қатты әсер етті. Ғылыми қызметкерлердің өсу үрдісі қалыптасты: 2009 жылы - 15 мың, 2014 жылы - 25,8 мың адам», - деді ол.

Бұндай жағымды көрсеткіштер ғылымдағы тиімділікке де үлкен серпін берген.

«Биыл ғалымдар арасындағы байқауға 6 мыңнан астам өтініш түсті. Бұл өткен жылдардағы байқаулардан екі есеге көп», - деп түйді сөзін комитет басшысы.

Дереккөзі: kazinform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар