Өзектi

Қазақстанның жоғарғы оқу орындары бизнеспен тығыз байланыс орнатуы қажет - Кшиштоф Рыбиньский

08.04.2015

5313

Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының басты кемшілігі - бизнеспен тығыз қарым-қатынастың жоқтығы. Бұл туралы кеше Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Т.Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университеттің ректоры Кшиштоф Рыбиньский мәлімдеді.
«Қазақстанның білім саласындағы мәселелер басқа елдердің осы саладағы мәселелеріне өте ұқсас. Бұл жерде басты түйткіл - бизнес пен ЖОО арасында тығыз қарым-қатынастың жоқтығы. Міне, осының салдарынан ЖОО түлектерінің біліктілігі жұмыс берушілердің талаптарына сай келмей жатады. Сондықтан да, жас мамандардың жаңа жұмыс орындарында көп нәрсені жаңадан меңгерулеріне тура келеді», - деді К. Рыбиньский.

Ол сонымен қатар, АҚШ- пен Ұлыбританияда жоғары оқу орындары мен бизнес арасында жақсы ынтымақтастық орнағанын айтты.

«Ол жақта ЖОО мен бизнес субъектілері арнайы бизнес-инкубаторларында жаңа жобаларды жүзеге асырумен айналысады. Қазақстанда бұл сала қазір жақсы дамып жатыр», -деді ол.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар