Өзектi

Студенттік ғылыми конференция жас ғалымдарды анықтады

19.03.2015

5164

24 ақпан 2 наурыз аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Тарих толқынындағы Қазақ мемлекеттілігі: кеше және бүгін» тақырыбында студенттердің ХVII ғылыми-практикалық конференциясы болды. Оған барлығы 21 секция бойынша 740 студенттік баяндама қатыстырылған.

Конференция жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономика ғылымдарының бағыттары бойынша өтті. Конференция жеті күн бойы жалғасып, секциялық жұмыстар бойынша жүргізілді. Қорытындысында үздік ғылыми жұмыстар анықталып, 126 студент І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Әлбетте, І дәрежелі дипломмен марапатталған студенттердің жұмысы ҚР Тұңғыш Президентінің «Болашақ ғалымдар» атты жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдар бойынша өткізілетін байқауына қатысады. Конференцияға келіп түскен ғылыми еңбектер арнайы жинақ болып жарық көретін болады.
Студенттерге арналған ғылыми конференция жастарды отансүйгіштікке, ғылымилыққа, тың ізденістерге алып келеді. Оқудан өзге ғылыми жұмыстармен айналысу студенттердің ғылыми ойлауын дамытып, алға ілгерілетпек.

Дереккөзі: tarsu.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар