Өзектi

Республикалық пәндік олимпиада басталды

12.03.2015

5756

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Алматы облысынан барлығы 7 жоғары оқу орнының студенттері қатысқан «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша Республикалық екі күндік пәндік олимпиада өз жұмысын бастады.

Оқу ордамызда өткізіліп отырған «5В072000-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша пәндік олимпиадаға қатысушы қонақтарды құттықтап, алғашқы сөзді алған университеттің оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры Тіріболсын Омарбекұлы қатысушы студенттерге сәттілік тіледі.
Олимпиадаға республикамыздың түкпір-түкпірінен келген 28 студент қатысып отыр. Додаға қатысушы студенттер екі кезеңнен өтетін болады. Бірінші кезең тест тапсыру күйінде өтсе, екінші кезеңде студенттердің ғылыми жұмыстары тыңдалатын болады.
Дода жеңімпаздарын анықтау үшін университетте арнайы коммисия құрамы бекітілген. Олар, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеттінің оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Тіріболсын Омарбекұлы, ЖШС «Казфосфат» оқу орталығының директоры Марина Оразова, Мұхтар Әуезов атындағы ҚазҰУ, «Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер химиясы» кафедрасының профессоры Дүйсек Қамысбаев, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, «Химия және химиялық технология» кафедрасының профессоры Шолақ Әбдіғали, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университетінің магистрі, «Химия және химиялық технология» кафедрасының аға оқытушысы Светлана Ермұханова, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, «Химия және химиялық технология» кафедрасының доценті, техника ғылымдарының докторы, Гүлназия Сейтбекова.
Алдағы екі күннен кейін комиссия мүшелерінің шешімі бойынша олимпиаданың жеңімпаздары анықталатын болады.

Дереккөзі: tarsu.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар