Өзектi

Қазақстан ЭЫДҰ-мен бірлесіп, еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жобаны жүзеге асырады

02.03.2015

5231

Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен бірлесіп, еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған арнайы жобаны жүзеге асыра бастайды.
Бұл туралы бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бәсекелестікке бейімдеу жөніндегі еуразиялық бағдарламасының басшысы Антонио Соммамен кездесуі алдында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев айтты.

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен бірлесіп, инновациялық саясатты іске асырудың арқасында еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған арнайы жоба құрған.

«Бұл жоба 2012 жылдан бері қолға алынуда. Өткен жылдың желтоқсан айында арнайы келісімге қол қойылды. Биыл біз сол жобаны жоспар бойынша іске асыруды бастайық деп отырмыз», - деді ол.

Т.Балықбаевтың сөзіне қарағанда, жобаның негізгі идеясы - Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін әртүрлі инновациялық құралдарды пайдалану.

«Оны Білім және ғылым министрлігі, Ғылым комитеті және Ақпараттық талдау орталығы іске асыратын болады. Кеше біз жұмыс кездесуін өткіздік, енді мұнан әрі осы мәселелерге қатысты жұмыстарды жалғастырамыз», - деді вице-министр.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар