Ресейлік ғалымдар баланың суға батып бара жатқаны туралы белгі беретін білезік ойлап тапты
Ресейлік ғалымдар ата-аналарға балаларының суға батып бара жатқаны туралы белгі беретін білезік ойлап тапты, деп хабарлайды ТАСС.
«Бұл құрал қауіпті тез «сезеді» - қолдарын үрейлі сермеу, жиілеп кеткен жүрек қағысы ата-аналарға балаларының қауіпті жағдайға түскені туралы хабарлайды. Білезік бала судың бетінде тұншыға бастаған сәтте-ақ іске қосылуы тиіс», - дейді жоба қолға алынып жатқан Том университетінің қызметкерлері.
Электрондық құрылғыны ылғалдан герметикалық қабығы қорғайды. Бұдан басқа, құрылғыға бала су астына кеткен жағдайда судың бетінде көрінетін арнайы жалауша бекітілген - бұл суға батқан баланың құтқарылу мүмкіндігін көбейтеді. Білезік 120 метрге дейінгі қашықтықта радиобелгі бере алады.
Құрылғылар жұптап шығарылмақ: балалар білезігі қауіп төнгені туралы ақпарат таратса, ата-аналарға арналған білезік оны қабылдап, белгіні қабылдайды.
Дереккөзі: inform.kz