Қазақстанда 2014 жылы мемлекеттік тапсырыспен оқыған техникалық және кәсіптік білім түлектерінің 77%-ы жұмысқа орналасты
Қазақстанда 2014 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының жұмысқа орналасқан түлектерінің үлесі 15 пайызға өсіп, 77%-ға жетті. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Ерлан Сағадиев мәлім етті.
«Білім және ғылым министрлігі ҮИИД-1 бойынша білікті кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі мақсатты индикаторларды жүзеге асыруға қол жеткізілді, нақтылап айтқанда, заманауи жабдықтармен жарақтанған оқу орындарының үлесін ұлғайту жоспары асыра орындалды. Соның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының жұмысқа орналасқан түлектерінің үлесі 15 пайызға өсіп, 77%-ға жетті. Экономиканың әртүрлі секторларындағы басымдықты мамандықтар бойынша 47 кәсіби стандарттар жасау жоспары жүзеге асырылды», - деді Е.Сағадиев Астанада ведомство алқасында.
Ол бүгінде басты міндет, әсіресе, өңірлерде кадрлар даярлау сапасын жақсарту екенін атап өтті.
Дереккөзі: inform.kz