Өзектi

Webometrics рейтингісі: ЕҰУ тағы да бірінші!

12.02.2015

6606

11 ақпан күні Кибернетика лабораториясы (Cybermetics) Испания Ұлттық Зерттеу кеңесiнiң ақпарат және құжаттама орталығының ресми веб-ресурсында Webometrics білім беру сайттарының рейтингісінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазақстан бойынша алғашқы орынды иеленіп, дүниежүзі бойынша үздік 2 000 орынға табан тірегені және әлемдегі 20 000 ЖОО арасынан 1 836 орынға, Азиа бойынша 8 902 ЖОО арасынан 574 орын алғандығы белгілі болды.
ЕҰУ Қазақстан бойынша тағы да бірініші!
Webometrics рейтингісі университет жариялайтын веб-беттердiң көлемімен, (көрнекiлiк) және әсерімен (тиiмдiлiк) өлшенедi, университеттегі ғବ¬ламтор желісіндегі ғылыми жа¬рияланымдар, әр ЖОО ғалым¬да¬рының зерттеу еңбектері, олар¬ға жасалған сілтеме ескеріліп, басты нысанаға ЖОО-ның ғылыми-зерттеу әлеуеті алынады. Отандық және шетелдік ЖОО-лармен, ғылым - білім беру ұйымдарымен тығыз ынтымақтастық етудің арқасында Еуразия ұлттық университеті қазақстандық ЖОО-лар арасында жасалынатын сілтемелердің веб-домендер саны бойынша көш бастады.
Нәтижесінде ЕҰУ отандық 111 ЖОО арасынан Қазақстан бойынша Webometrics рейтингісіне сәйкес бірінші орынға және бүкіл әлем бойынша 20 000 ЖОО мен білім беру ұйымдары арасынан 1 836-ші орынға тұрақтады. Республикамыз бойынша екінші орында – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (әлемдік рейтинг бойынша 2 193 орын), Қазақ ұлттық аграрлық университеті үшінші орын (2 528 орын), төртінші орында - С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті (2 837 орын), бесінші орында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (2 936 орын).
http://www.webometrics.info/en/Asia/Kazakstan
Webometrics рейтингісінде сайттарды бағалаудың екінші маңызды критерийі – ғаламтор желісінде ұсынылған ғылыми мақалалар, ЖОО ғалымдарының зерттеулері мен олардың дәйексөз көрсеткішінің болуы.
Бүгінде «еуразиялықтардың» электрондық ғылыми мақалаларға ашық қолжетіміділік мүмкіндігімен қамтамасыз ететін Еуразия ұлттық университетінің репозиторий қорында 10 000-нан астам материалдар бар. Бұл ретте Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қазақстандық ЖОО арасында алғаш болып шетелдегідей мақалаларға еркін қолжетімділік мүмкіндігін тәжірибеде қолданып келеді.
Webometrics рейтингісі жылына екі рет қаңтар және шілде айларында университеттер сайтының рейтингісін жарияласа, оқу ордамыздың ресми веб-сайты бұған дейін де қазақстандық ЖОО-лар арасындағы рейтингіде бірнеше мәрте көш бастаған болатын. Бұл жетістіктер университеттің білім беру деңгейі мен белсенділігінің арта түскендігі және әлемдік стандарттарға сай дамып келе жатқандығының нақты көрінісі. Ғылым жолында тер төгіп жүрген ғалымдары мен профессорлары, жаңа дәуірдің жаңалықтарына бейімделген ізденісі мол студенттері бар Астана төріндегі Еуразия ұлттық университеті алдағы уақытта да әлем университеттері ішінен ойып тұрып орын ала береді.
Еуразия ұлттық университетінің ұжымын жоғары жетістігімен құттықтай отырып, ғылым-білім ізденісінде толағай табыстарға жете беруіне тілек білдіреміз.


ЕНУ-дің баспасөз қызметі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар