Өзектi

Нью-Дели мен Вашингтон бейбіт атом энергетикасы туралы келісімді бекітті

26.01.2015

7273

Үндістан мен АҚШ 2008 жылы жасасқан бейбіт атом энергетикасына байланысты келісімшартқа нүкте қойды. Өзара ынтымақтастық аясында енді АҚШ Үндістанда атом электр стансасын салмақ. Бұған дейін жобаның тоқырауына келісімдегі 2 талап себеп болған еді. Оның біреуі – ядролық апат болған жағдайда, жауапкершіліктің жабдықтаушыға ілінуі. Екіншісі – Үндістанның АҚШ алдындағы ядролық отынды қайдан алғаны туралы мәліметті ұсыну міндеті. «Нью-Дели мен Вашингтон ақыры осы мәселелерге қатысты бір тоқтамға келіп, өзара келісті», - деп мәлімдеді Үндістан премьері Нарендра Моди. Айта кетейік, бұған дейін бұл елмен атом энергетикасы саласы бойынша ынтымақтастық орнатқан жалғыз ел Ресей болатын. «Атомэнергопроект» компаниясы Тамилнад штатында атом электр стансасын соғып, таяуда ғана қолданысқа тапсырды.

Дереккөзі: 24.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар