Өзектi

Бизнес жасыл технологияларды сатып алуға ынталы ма?

14.01.2015

6058

«Жасыл» экономика үшін және G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ атқарушы директоры Асхат Сүлейменов бүгінде қазақстандық бизнестің жасыл технологияларды сатып алуға ынталы екенін айтып отыр. Ол ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осындай пікір білдірді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Бүгінгі таңда өнертапқыштарымыздың жасыл технологиялар бойынша жобалары аз емес. Ең алдымен, осы технологияларды дұрыс патенттеуді, яғни, өз атына тіркеуді үйрену керек. Ойлап тапқан технологиясын патенттеп, өз атына аударып алса, өзіміздің компанияларға немесе шетелге сата алады», - дейді А.Сүлейменов.

Ал қазақстандық бизнес бұл технологияларды қабылдауға ынталы ма? Оның айтуынша, қазақстандық компаниялар бүгінде отандық ғалымдардың жаңашылдықтарын ендіруге дайын.

«Біздің коалиция былтыр «Экологиялық достық бизнесі» байқауын ұйымдастырды. 2015 жылы да бұл конкурс жарияланып отыр. Осы байқау аясында 7 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды. Оның ішінде «Таза көлік», «Жасыл кеңсе», «Органикалық ауыл шаруашылық» тағы да басқа аталымдар болды. Айту керек, бұл байқау бүгінде біздің компаниялардың жасыл технологияларды енгізіп жатқанын көрсетті. Егер өнертапқыштар жасыл технологияларды ұсынатын болса, әлбетте, бизнес оны сатып алуға ынталы», - деп қорытты сөзін коалицияның атқарушы директоры.

Дереккөзі: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар