Өзектi

2014 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушылары» анықталды

05.01.2015

5581

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде вице-министр Т. Балықбаевтың төрағалығымен «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру жөніндегі республикалық конкурстық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Конкурстық комиссияның құрамына Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратының өкілдері кірді.

Конкурс «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидалары мен берілген мемлекеттік гранттың жұмсалу бағыттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 235 қаулысына сәйкес ұйымдастырылды.

2014 жылы конкурсқа 90 жоғары оқу орнынан 545 адам қатысты.

Конкурстық іріктеу нәтижесінде «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына 200 үміткер анықталды. Оның 39,5% -ын ғылым докторлары, 57% - ын ғылым кандидаттары, 3,0% -ын PhD докторлары құрады, олар техникалық, педагогикалық, медициналық, ауыл шаруашылық, экономикалық, құқықтық және т.б.ғылымдар саласынан.

Грант жоғары оқу орнының оқытушыларына әлемнің жетекші университеттерінде шетелдік тағылымдамадан өтуге, өздерінің ғылыми және білім беру жобаларын іске асыруға мүмкіндік береді.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар