Пайдалы сілтемелер

Ғылыми зерттеу нәтижелері сапалы басылымдарда жариялануы тиіс


• «Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптар бекітілді.

• Қазіргі уақытта бұл тізімге негізінен формалды өлшемдер бойынша іріктеп алынған 177 басылым кіреді. Сондықтан қолданыстағы критерийлерді халықаралық талаптарға бейімдеу бойынша жұмыс басталды.

• Нәтижесінде басылымдардың саны емес, сапасына мән беріледі, сапалы контент үшін бәсекелестік артады және халықаралық деңгейдегі ғылыми басылымдарды шығарудың кәсіби академиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

• Отандық журналдарды Scopus және Web of Science халықаралық базасына енгізу үшін, ғылыми журналдарға қаржылай қолдау көрсетіп, демеу беру мақсатымен конкурс жариялау жоспарлануда.

@edu_news_qz