Әлемдегі ғылым

Адамдардың қан тобы II болса, оларда қатерлі ісікке шалдығу ықтималдығы аз

19.06.2023

663



Қан тобы ІІ болып келген адамдарда қатерлі ісікке шалдығу аз кездеседі. Мұны Каролинск медициналық институтының (Стокгольм) қызметкерлері зерттеген.  

25 жыл бойы мамандар қатерлі ісік қаупін арттыратын факторларды анықтау үшін медициналық ақпарат жинап келеді. Олар қатерлі ісіктердің пайда болу ықтималдығына қан тобы да әсер етеді деп отыр. 

Мамандар екінші қан тобы бар адамдарда басқа қан топтарына қарағанда қатерлі ісікке шалдығу қаупі аз, ал I қан тобы бар адамдарда жоғарырақ болатынын анықтады.

Қатерлі ісіктің алдын алу үшін зерттеушілер темекі шегуденжәне алкогольдден бас тартуға, пайдалы тағамдарды, әсіресе көкөністер мен жемістерді жеуге, физикалық белсенділікті сақтауға, қалыпты салмақты сақтауға және күн сәулесінен қорғануға кеңес береді. 

Қатерлі ісік әлсіз иммунитеті бар адамдарда жиі кездесетіні, сондықтан тұрақты жаттығулар денені нығайтуға көмектесетіні атап өтілген. Сондай-ақ ауруларды, оның ішінде онкологиялық ауруларды уақтылы анықтау үшін мерзімді түрде медициналық тексеруден өту ұсынылады.

https://fbm.ru/novosti/science/lenta-ru-v-ki-proinformirovali-chto-ljudi-so-ii-gruppoj-krovi-rezhe-bolejut-rakom.html 

«« | »»
Соңғы жаңалықтар