Әлемдегі ғылым

Холестиринді төмендететін жаңа дәрі пайда болды

18.05.2023

788



АҚШ-тағы университеттік ауруханалар мен Case Western Reserve университетінің Медицина мектебінің ғалымдары холестерин деңгейін бақылау үшін 100% жұмыс істейтін дәрілердің жаңа класын сипаттады. 

Мамандардың айтуынша, жаңа препараттар холестеринді реттеудің орталық элементі PCSK9-ды тежеп, жануарлардағы оның деңгейін 70%-ға төмендетеді. PCSK9 тежейтін агенттер зиянды заттарды жоюға қатысатын LDL рецепторларының санын арттырады. 

Сонымен қатар, ғалымдар азот оксидінің де PCSK9-ға әсер етіп, тежейтінін, сол арқылы холестерин деңгейін төмендететінін анықтаған. Мұндай зерттеудің нәтижелері қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға көмектесу үшін үлкен мүмкіндіктер бермек. Өйткені PCSK9 арнайы мақсатты ісік иммунотерапиясының тиімділігін арттыруы мүмкін.

Жаңа препараттар холестеринді төмендету үшін қолданылатын, кей кездері тиімсіз әрі жанама әсерлерді тудыратын статиндерді жақсы алмастыра алады. Ғалымдар бұл препараттың әлеуеті зор деп есептейді. Дегенмен, оны әлі де болса егжей-тегжейлі зерттеу қажет деп отыр. 

https://potokmedia.ru/

«« | »»
Соңғы жаңалықтар