Нью-Йорк университетінің Гроссман медицина мектебінің ғалымдары шаштың ағару механизмін ашқан болуы мүмкін. Бұл жаңалық шаштың ағару процесін кері қайтаратын немесе тоқтататын емдеу әдістерін дамытуға әкелуі мүмкін. Ол адамдарға жасына қарамастан шаштың қалың әрі әдемі қалпын сақтауға мүмкіндік береді.
Бұл туралы The Guardian басылымында жарияланған ғылыми мақалада айтылады.
Меланоциттердің дің жасушалары немесе McSCs деп аталатын тышқандардың тері жасушаларын (олар адамдарда да кездеседі) зерттеу барысында шаштың қартаюына байланысты тұрып қалуы мүмкін екенін және шаштың өсуі мен түсін сақтау қабілетін жоғалтуы мүмкін екені белгілі болған.
NYU Langone Health-тің ғылыми қызметкері Ци Сонг жаңа механизмдердің меланоциттердің дің жасушаларының тұрақты орналасуы адамдарда да болуы мүмкін екенін айтады.
«Егер олай болатын болса, бұл кептеліп қалған жасушалардың шаш фолликуласының дамып келе жатқан бөліктері арасында жылжуына көмектесу арқылы адам шашының ағаруын болдырмауға септесуі мүмкін», – дейді ғалым.
Бұған дейінгі зерттеулер стресстің шашты ағаратынын және оны болдырмауға болатынын көрсеткен.