Әлемдегі ғылым

Альцгеймер ауруының дамуын бәсеңдететін дәрі табылды

05.12.2022

1116

Жапондық дәрі жасаушы Эйсай және американдық әріптестері Альцгеймер ауруының дамуын бәсеңдететін леканемаб деп аталатын препарат ойлап тапты. Бұл туралы New England Journal of Medicine журналында (https://www.nejm.org/doi/10.1056/NEJMoa2212948) жарияланды.

Зерттеуге осы нейродегенеративті аурудың бастапқы кезеңінде жүрген 1800 адам қатысты. Науқастар 18 ай бойы әрбір екі апта сайын леканемаб немесе плацеб алып отырған. Ғалымдар когнитивті және функционалдық қабілеттерді өлшейтін 18 баллдық шкала арқылы өзгерістерді бақылаған.

Препаратты енгізген адамдарда ақыл-ой қабілеттері баяу төмендеген. Бірақ екінші топпен салыстырғандағы айырмашылық сол, осы шкала бойынша жарты баллдан аспайды. Сонымен қатар, леканемаб алған науқастарда зерттеу барысында аурудың келесі кезеңіне өту ықтималдығы 31 пайызға дейін азайған.

Мұндай препараттар мидағы ісіну мен қан кетуді қамтитын кері әсерлерді тудыратын амилоидқа бағытталған. Осы сияқты ісінудің бір түрі пациенттердің шамамен 13 пайызында байқалды, бірақ ғалымдар оның көпшілігінде жеңіл немесе асимптоматикалық түрде өткенін атап өтті.

Дегенмен, сарапшылар бұл шекті айырмашылықты кейбір пациенттер мен олардың отбасыларының байқамай қалуы мүмкін екенін айтады. Авторлар зерттеудің қарапайым нәтижелеріне қарамастан, олар клиникалық маңызды деп санайды. Өйткені аурудың дамуын бірнеше айға дейін тежеудің өзі кейбір адамдар үшін пайдалы болуы мүмкін.

АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) леканемабты жылдам бекітуді қарастыруда. 2023 жылдың қаңтарында нақыт шешім қабылданбақшы екен. Егер мақұлданса, леканемаб АҚШ нарығындағы екінші амилоидқа қарсы препарат болады.


«« | »»
Соңғы жаңалықтар