Әлемдегі ғылым

Норвегияда аукционда викингтер сақинасы сатылды

12.07.2022

1537


Норвегияда Мари Ингелин Хескестад есімді бойжеткен онлайн-аукционға түскен зергерлік бұйымдарға қызығушылық танытқан. Ол сатылымдағы сақинаға тапсырыс береді. Толып жатқан арзан әшекейлердің арасынан оның көзіне жылтыр сақина түскен, деп жазады Science Norway.

Өзі ауыр әрі жылтырып тұрған сақинаны әйел тарихи жәдігерлерді жетік білетін күйеуінің әкесіне көрсеткен екен. Ол бұл Викинг дәуіріндегі сақина деп болжаған. Хескестад дереу археологтар тобына хабарласып, олар да бұл пікірді растаған.

Археолог ғалымдар тарихи затқа үлкен жауапкершілікпен қараған бұл адамға үлкен ризашылықтарын білдіріп отыр, Ғалымдар атап өткендей, олар бұған дейін темір дәуірі мен викинг дәуіріндегі брошь, түйреуіш сияқты зергерлік бұйымдарды тапқан. Бірақ ешқашан сақинаны кездестірмеген көрінеді. Тіпті олар мұндай заттардың онлайн аукциондарда пайда болғанын да естімеген.

Аукцион дүкені болса бұл заттың жылжымайтын мүліктің қалдықтарынан шыққанын айтады. Олар ескі үйлерді, сарайларды сатып алып, заттарды банан қораптарына оралған себеттермен сатқан екен.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар