Әлемдегі ғылым

Иіс сезу қабілетін бұзатын тағамдар мен сусындар

03.06.2022

1803

Сурет https://naukatv.ru/-дан алынды.


Англиядағы Рединг университетінің ғалымдары ғылыми зерттеу барысында иісті сезбей қалу кейбір сусындар мен тағамдарда кездесетін хош иісті қосылыстарға байланысты болуы мүмкін екенін анықтады.


Зерттеу нәтижелері бойынша иіс сезу қабілетінің бұзылуына кофе, пияз, сарымсақ, тауық еті, жасыл бұрыш әсер етуі мүмкін. Зерттеуге 29 ерікті таңдалды, олардың кейбіреулерінде паросмия (иіс сезу қабілетінің бұзылуы) болды. Экспериментке қатысушыларға кофе сусынының әртүрлі құрамы берілді.


Иіс сезу қабілеті бұзылған науқастар өздеріне жағымсыз иістерді тез анықтай алды. Кейіннен дәл осындай ұқсастықтарды пияз, сарымсақ, тауық еті және жасыл бұрыштан байқады.


Жоба авторлары иістерді дұрыс сезбеу және оған қатысты жиіркену сезімі кейбір өнімдердегі хош иісті қосылыстардан да туындауы мүмкіндігін нақты дәлелдермен түсіндірген.

Болашақта бұл зерттеу иіс сезу рецепторларының бұзылуынан зардап шегетін адамдар үшін қолданылуы мүмкін деп отыр ғалымдар.


Материал https://www.nature.com/articles/s43856-022-00112-9 деректері бойынша дайындалды.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар