Әлемдегі ғылым

Әлемде ғылым мен бизнес саласындағы қыз-келіншектер саны неге аз?

10.04.2022

1911

BBC жүргізген зерттеулерге сәйкес, ғылым мен бизнес саласында жүрген қыз-келіншектер әлі күнге дейін әртүрлі қыиншылықтармен бетпе бет келуде. Мысалы, нақты ғылымдар математика және технология салаларында қызмет істеп жүрген ғалымдардың ішінде әйелдер небәрі 12, 8 %-н ғана құрайды екен.

Үлкен қызметте, яғни ЖОО-нда үлкен лауазымда көбіне ер адамдар тағайындалады, деп жазады, BBC. 2021 жылы Ұлыбританиядағы ең ірі 100 компанияда басшылық қызметте 37, 7%-ы ғана әйелдер көрінеді. 2019 жылы бұл көрсеткіш 29%-ды құраған. ЮНЕСКО деректеріне сәйкес, бакалавриаттағы студенттердің 45%-ы, магистратурада 55%-ы қыз-келіншектер. Десек те, әлемдегі ғалымдардың 33 %-ы ғана әйелдер болып отыр.

Климаттың өзгеруіне қарсы күрес ашқандарға ғалым, инженер ретінде басшылық еткендердің қатарында қыз-келіншектердің саны өсіп келеді, деп жазады StraitsTimes.

Дереккөз: https://24.kz/kz/telepoject/sheteldik-ba-sholu-zh-ne-taldau/item/532339-yz-kelinshekter-ylym-men-biznes-salasynda-t-rli-kedergige-tap-boluda-sheteldik-ba

«« | »»
Соңғы жаңалықтар