Әлемдегі ғылым

Ғалымдар перғауын Тутанхамон туралы тың мәліметтерді ашты

28.03.2022

2394

Ұзақ уақыт бойы туыстық қатынастық салдарынан патша ауыр генетикалық аурулармен ауырған деп есептелді. Бірақ, египет зерттеушілері бұл пікірді жоққа шығарып отыр.

500 жылға жуық уақытта перғауындар мен Жаңа Патшалықтың беделді деген ақсүйектерінің бейіттері қазылғаны белгілі. Сол тарихи қазбалар шыққан Мысырдағы жартасты шатқалы, яғни Патшалар алқабы аталып кеткен жер көптеген жылдар бойы ғалымдардың қызығушылығын арттыруда.
Египетологтар да Тутанхамонның қандай болғаны және оның отбасындағы туыстық қатынас салдарынан қандай да бір ауытқулар немесе аурулардың болуы туралы сұрақтарға жауап іздеуде.

Соңғы жұмыста компьютерлік томографияның көмегімен зерттеушілер Тутанхамонның денесі мен сүйектерін егжей-тегжейлі зерттеп, оның сыртқы келбеті туралы тың деректер тапты.

Доктор Кэролин Рандо және оның командасы Перғауынның денесін зерттей келе бас сүйегінің ерекше пішінін атап өтті. Оның бас сүйегі ұзын болатын. Сарапшылар бас сүйегінің бұл ерекше пішіні оның отбасына тән қасиет болғанын да дәлелдеді. Туыстық жақындыққа қарамастан, жақындасқан патша отбасыларының балаларының денсаулығында ақаулар көп болған. Олар тіпті тұқым қуалаған көрінеді. Краниосиностоз деп аталатын, яғни баланың бас сүйектерін байланыстыратын бір немесе бірнеше буындардың мерзімінен бұрын жабылуы сияқты ауру көптеп таралған. Қанның араласуынан болатын бұндай ауруларда адамның тістері қисайып, тіпті түсіп қалуы мүмкін. Дегенмен, Тутанхамонның бас сүйегінен ондай ақаулар кездеспеген.

Материал https://focus.ua/technologies/510490-uchenye-raskryli-novye-podrobnosti-o-faraone-tutanhamone-foto деректері бойынша дайындалды.


«« | »»
Соңғы жаңалықтар