Әлемдегі ғылым

Ғалымдар қант диабетінің асқынуына байланысты емдеудің жаңа тәсілін ұсынды

04.02.2022

2159

Ресейлік ғалымдар қант диабетіндегі асқынулардың молекулалық жолдарын анықтауға көмектесетін жаңа тәсілді ұсынды. Тексті интелектуалды тұрғыда өңдеу технологиясы мен математикалық модельдеуді пайдалана отырып, авторлар осы аурудың асқындыратын гендер мен оған байланысты аурулардың өзара әрекеттесуінің күрделі желісін қайта жасады.

Глюкоза деңгейінің секіруі (жоғары гликемиялық өзгергіштік) қант диабетінің тамырлық және неврологиялық асқынуына апаруы мүмкін. Қандағы қант концентрациясы ұзақ уақыт бойы көтерілген кезде (гипергликемия) тотығу стрессі, қабыну, жаңа тамырлардың патологиясы және бұрынғы қан тамырларының зақымдануы және басқа да әртүрлі бұзылу процестеріне әкеп соқтырады.

Дәрі-дәрмектерді қабылдау глюкоза деңгейін қалыпқа келтіруге көмектеседі. Бірақ, оны дұрыс қабылдамаса немесе тамақтануды ұмытып кетсе немесе шамадан тыс организміне күш түсіп кетсе, басқа метаболикалық бұзылулар мен ісіктер болса, гипогликемия пайда болуы мүмкін. Яғни қант деңгейі төмендейді. Бұл кезде адам ағзасындағы тіндер аштықтан әлсіреп, көп энергияны қажет ететін ми әлсірей бастайды.

Сау адамда ондай жағдайда қорғаныс механизмдері белсенді түрде жұмыс істей бастайды - бауыр гликолиз процестерін іске қосып, глюкозаны босатады, ұйқы безі оны жоятын инсулин өндірісін азайтады. Қант диабетімен ауыратын адамдарда қантты төмендететін препараттар жұмысын жалғастыра беретін болғандықтан, бұл механизмдер жиі жұмыс істемейді. Нәтижесінде ағзадағы тіндер қанттың көптігінен біресе запдап шегеді, біресе аштыққа ұшырайды. Глюкозаның шамадан тыс өзгергіштігі мен гипогликемияның жалпы принциптері белгілі болғанымен, адамның әртүрлі мүшелеріне әсер етудің молекулалық механизмдері толық анықталмаған.

Цитология және генетика институтының филиалы (Новосибирск) – Клиникалық және эксперименттік лимфология ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары гликемияның өзгеруі метаболизмнің қандай жолдарына әсер ететінін және бұл аурулардың асқынуын қалай тудыруы мүмкін екенін түсіндіру үшін биоинформатикалық талдау мен жасанды интеллектті біріктірді.

Біріншіден, ANDSystem мақала мәтіндерін талдап, биологиялық объектілердің – мақсатты процестерге қатысатын гендердің атауларын, олардың арасындағы байланыстарды анықтады. Осының негізінде қант диабетіндегі асқынулардың пайда болу механизмдерін ұсынуға болады. Нәтижесінде әрқайсысында жүздеген гендер және олардың арасындағы мыңдаған өзара әрекеттесулері бар гликемиялық өзгергіштіктің, гипогликемияның, қант диабетінің және Альцгеймер ауруының тамырлы асқынуларының гендік желілері қайта құрылып, талданды. Талдау барысында глюкоза деңгейінің күрт ауытқуы немесе гипогликемия жағдайында қан тамырлары жасушаларының, бүйректің, жүрек пен жүйке жүйесінің дисфункциясын тудыруы мүмкін молекулалық өзгерістер мен метаболикалық процестер анықталды.

Материал https://www.mdpi.com/1422-0067/22/22/12419/htm деректері бойынша дайындалды.


«« | »»
Соңғы жаңалықтар