Әлемдегі ғылым

Нобель сыйлығының алғашқы жеңімпаздары анықталды

05.10.2021

2557

Биыл Нобель сыйлығын физиология және медицина саласындағы ғалымдар температураны және жанасуды сезетін жаңа рецепторларды жасағаны үшін жеңіп алды. Жеңімпаздарға 10 млн крон (1,5 млн доллар) беріледі.

Олар Калифорния университетінде жұмыс істейтін физиолог Дэвид Джулиус пен Скриппс ғылыми-зерттеу институтының биологы Ардем Патапутян. Дэвид Джулиус бұған дейін ментол, қыша майы мен капсаицинге әрекет ететін рецепторларымен танымал болса, Ардем Патапутян температураға, ұстағанға және торлар көлемінің үлкеюіне белсене түсетін иондық каналдар мен рецепторларлы зерттеумен айналысады.

Былтыр бұл сала бойынша С гепатитін ашқан Харви Ольтер, Чарльз Райс және Сайкл Хаутон марапатталған болатын. Келесі жеңімпаздар физика, химия, әдебиет, экономика номинациялары бойынша анықталады. 8 қазанда Ослода Әлем сыйлығының лауреаты белгілі болады. Дәстүр бойынша Стокгольмде өтіп жүрген марапаттау рәсімі биыл өзгерді. Сыйлық 10 елде табысталмақ.

https://www.inform.kz/kz/medicina-boyynsha-nobel-syylygynyn-zhenimpazdary-belgili-boldy_a3844547

«« | »»
Соңғы жаңалықтар