Енді Қытай ғалымдары коронавирусқа қарсы антиденелерді бес минут ішінде анықтайтын болған. Оны жаңа диагностикалық жүйе арқылы қан немесе ауыз қуысы шырышының үлгісі арқылы тексереді.
Диагностикалық жүйе құрылымы коронавирустың S-ақуызына ұқсас молекулалармен қапталған икемді алтын электродтары мен органикалық электрохимиялық транзисторлар жиынтығынан тұратын көрінеді. Оларға антиденелер қосылғанда транзистордың жұмысы өзгереді, яғни ол токты басқа жолмен бере бастайды.
Ғалымдар тестке сілекей немесе қан сынамалары арқылы жоғары жиілікті электр импульстарын жіберетін электродтардың қосымша жиынтығын жасады. Соның арқасында биоматериалдағы массасы 0,15 нанограммнан аспайтын SARS-CoV-2 антиденелерінің тіпті байқалмайтын іздерін анықтауға мүмкіндік беретін антиденелер мен коронавирустың S-ақуызы арасындағы реакция жылдамдығы өсті.
Бұл тестің басқа да ауру қоздырғыштарына антиденелерді анықтай алады, дейді ғалымдар. Ол үшін электродқа антиденелер байланысатын басқа ақуыздар жиынтығын қолдану жеткілікті.
https://rg.ru/2021/09/15/uchenye-iz-kitaia-sozdali-piatiminutnyj-test-na-antitela-k-koronavirusu.html