Әлемдегі ғылым

Жапон ғалымдары Pfizer вакцинасын жоғары бағалап отыр

13.09.2021

2781

Киото университетінің мамандары Pfizer вакцинасының тиімділігі 85-96% деп бағалады. Бір топ ғалым жаз айларында коронавирус жұқтырған 10 мыңнан астам адамға зерттеу жүргізіп, талдау жасаған. Әрине, ауырғандардың басым бөлігі коронавирусқа қарсы вакцина алмағандар болып шыққан. Жапондық ғалымдар оларға Pfizer вакцинасын салып, тексерген.

Вакцина алғандардың ішінде жасы 60-тан асқан ерлер арасындағы көрсеткіш жоғары болған – 94,7-96,9%. 20-60 жас аралығындағы ер-азаматтарда 89,6-93,4% болса, осы жастағы әйелдерде вакцина тиімділігі 85,4%-91,8%-ды көрсеткен. 60 жастан асқандар әйелдер арасында – 92,6-96,1%.
Барлық елге жайылып кеткен коронавирустың «Дельта» штаммына қарсы Pfizer вакцинасы оң көрсеткішке ие болды деп отыр жапон ғалымдары.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда озық елдер қатарындағы Жапония халқының 50 пайызы вакцина алған. Олар британдық-швециялық AstraZeneca вакцинасы және Америка мен Германияның Pfizer және BioNTech компаниялары консорциумының, сондай-ақ америкалық Moderna компаниясының вакциналары.

https://www.inform.kz/kz/zhaponiyada-pfizer-vakcinasynyn-tiimdiligi-85-96-dep-bagalandy_a3835446


«« | »»
Соңғы жаңалықтар