Грек ғалымдары соңғы цифрлық технологиялардың мыңжылдық тарихы бар дәстүрлі қолөнерді зерттеуге және жаңғыртуға қалай көмектесе алатынын анықтамақшы. Олар гректердің Крит тауларындағы шопандардың тіршілігін бақылап, зерттеулерін жүргізген.
Бұл елдегі ауыл тұрғындарының ата-бабасынан бері жалғасып келе жатқан кәсібі – мал бағу, табиғи ешкі сүтінен сыр дайындау, кілем тоқу т.б. Mingei еуропалық зерттеу жобасының ғалымдары үй заттарын, ірімшік жасайтын қондырғылар мен шебердің қимылдарын суретке түсіріп, оларды жаңа технологияларға беруге тырысады. Мамандарды қол еңбегінің бұл түрі пайда болған уақыттан бастап дамыған кезеңіне дейінгі аймақтың мәдени-географиялық ерекшеліктері де қызықтырады. Бұл бастаманы жүзеге асыру үшін тарихи қолөнерлер сайты да қол ұшын беруде. Бұл сайт цифрлық үлгіде жасалған.
Ғалымдар мәдени мұраның материалдық объектілерін зерттеу үшін сканерлерді қолданған. Сонымен қатар, жұмыс істеп жатқан шебердің қимыл-қозғалыстарын оны қайталауға болатындай етіп жазады. Олар ежелгі қолөнер бұйымдары сақталған ортаның мәдени және тарихи контексін жасауды жоспарлап отыр. Ғалымдар қөлөнерді цифрландырудың саяхатшылар үшін тиімді болатынына, олардың өзіне қажетті бағытын таңдап алуына көмектесетініне сенімді.
https://ru.euronews.com/2020/09/28/mingei-cultural-heritage деректері бойынша дайындалды.